Қазақстан жастарының делегациясы Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында Түркі мемлекеттерінің ұйымы жастарының бірінші көпжақты алмасу бағдарламасына қатысып жатыр, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Делегация құрамына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің, Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілдері, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары, "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері, өңірлердің жас белсенділері кірді.
Қазақстандық делегация мүшелері "Тәуелсіздік ұрпақтары", "Дарын", "Болашақ", басқа да білім беру гранттары, сондай-ақ "Жұмыспен қамту", "Жастар тәжірибесі", "Бірінші жұмыс орны", "Жасыл ел", "Дипломмен ауылға" сияқты талантты және бастамашыл жастарды қолдау жобаларын іске асыру тәжірибесі туралы айтады.