Түркі мемлекеттерінің кәсіподақ ұйымы құрылды

915

​Шушада өткен жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер қатысты. 

Түркі мемлекеттерінің кәсіподақ ұйымы құрылды Фото: Anadolu Agency

​Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның кәсіподақ конфедерациясының төрағалары Әзербайжанның Шуша қаласында бас қосты.

​Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Шуша қаласында жиналуының маңызы бар. Аталмыш шаһар 2023 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды.

​Бауырлас елдер бірлесе әрекет етуі керектігін айтқан Әзербайжанның кәсіподақ конфедерациясының төрағасы Саттар Мехбалиев түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кәсіподақ федерацияларының да күш біріктіруі қажет деді.

​Ал Түркия кәсіподақ конфедерациясының президенті Аталай бауырлас елдердің дағдарысқа қарсы ортақ ұстаным көрсетуінің маңызды екенін айтты.

​Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның ресми өкілдері де өз сөздерінде түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және кәсіподақ ретінде қосатын үлеске тоқталды.

​Жиын соңында "Түркі мемлекеттері кәсіподақ ұйымын" құру туралы келісімге қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу