Түркі тілдес елдер лаңкестермен бірлесе күреспек

1253

Түркі тілдес елдер лаңкестермен бірлесе күреспек

Бүгін Астанада Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Иранның арнайы қызметтерінің басшылары бас қосты. Бақылаушы ретінде Ресей, Украина және грузиялық мамандар шақырылған. Жиналғандар халықаралық лаңкестік ұйымдардың күш алғанына алаңдаушылық білдіріп, бұл ортақ проблема десті. Олардың жолын кесудің амалдарын қарады.  Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов өзара кәсіби байланысты арттыру қажет деген ойын айтты. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов болса, бұл жұмыстар жүйелі болуы үшін ортақ жоспар құрудың маңыздылығын атады.  

"Әлемдік қауымдастық жүйелі жоспар құрып, бірлесіп жұмыс істесе терроризммен күрес нәтиже береді. Бүгін өзара ықпалдастықты арттыра аламыз. Ол үшін маңызды ақпараттарды алмасып, кәсіби тұрғыда тәжірибе бөлісуіміз керек. Әлемдік қауіпсіздік заманауи жұмыс жүйесін қажет етеді",  – ҚР Президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов.
Кhabar.kz
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу