Түркі тілдес мемлекеттер декларция қабылдайды

1581

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтіп жатыр. Онлайн форматтағы жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.

Түркі тілдес мемлекеттер декларция қабылдайды

Басқосуға еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, ТүрікменстанПрезиденті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев атсалысуда деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі. 

Бейресми саммитте сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Саммит қорытындысында түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты декларация қабылданады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу