Түркімен отбасы Ирак премьерін сотқа берді

841

Түркімен отбасы Ирак премьерін сотқа берді

21 қазан күні Ирактың Киркук аймағының Дакук ауданында жасалған әуе соққысы салдарынан қайтыс болған түркімендердің туыстары Ирактың премьер-министрі Хайдар әл-Абадиді жұмысына селқос қарады деп айыптап, сотқа беруде. Бұл туралы  Haberler басылымына сілтеме жасап egemen.kz.

"Оқиғаның болғанына бір жарым ай өтіп кеткеніне қарамастан, үкімет мәселеге қатысты әлі де көңілге қонымды мәлімдеме жасамай отыр", — дейді аталған оқиға кесірінен әпкесі мен екі жиенінен айырылған Хайдар Ахмет.

Оның айтуынша, түркімендер Ирак конституциясына сай, үкімет басшысын немқұрайлы жұмысы үшін айыптап, сотқа беруде.

"Керек болса біз халықаралық сотқа шағым түсіреміз", — дейді Хайдар Ахмет.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазан күні мемлекеттік меншікте жоқ ұшақ Ирактың Дакук қаласында әуе соққысын жасады. Осының салдарынан 11 әйел көз жұмып, 45 адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу