Түркіменбашы мен Сербия Президенті Елбасыға саулық тіледі

793

Жеделхаттар жалғасуда.

Түркіменбашы мен Сербия Президенті Елбасыға саулық тіледі Фото: akorda.kz

Еlbasy.kz сайтының хабарлауынша, Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхат келіп түскен.

Өз хатында Александр Вучич Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріпті.

"Өзіңізге тән энергия, күш-қайрат, оптимизм коронавирустан басым түсеріне сене отырып, Сізге қолдауымды білдіргім келеді. Жақын арада халықаралық қауымдастық өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың арқасында пандемияны еңсереді және кедергісіз әлеуметтік-экономикалық даму жолына қайта оралады деген үміттемін. Сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін. Менің зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз", – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ, Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағанын айтады.

"Өмірлік энергияңыз бен ерік-жігеріңіздің арқасында Сіз бұл дертті қысқа мерзімде еңсересіз деп сенемін. Сізді барынша қолдауға және қажет болған жағдайда көмектесуге дайынмын. Шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін. Алла Тағала Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр берсін", – деп жазылған Түркіменбашының хатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу