Түркіменстан халқы 7 миллионнан асты

523

Статистикаға сәйкес, ел халқының 47,1 пайызы қалаларда, 52,9 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

Түркіменстан халқы 7 миллионнан асты Фото: Ашық дереккөзден

Түркіменстан халқы 7 миллион 57 мыңнан асты. Түркіменстанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Девлетгелді АманМұхамедов Министрлер Кеңесіне 2022 жылғы 7-27 желтоқсан аралығында өткен халық санағының қорытындылары туралы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Аманмұхамедов Түркіменстанның халқы 7 миллион 57 мың 841 адамға дейін өскенін айтты.

Статистикаға сәйкес, ел халқының 47,1 пайызы қалаларда, 52,9 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

2017 жылы Түркіменстан СІМ сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ел халқы 6,2 миллион адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу