Түркіменстан президенті Қытайға табиғи газ жеткізуді ұлғайтуды ұсынды

745

Бұл туралы ТАСС хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Түркіменстан президенті Қытайға табиғи газ жеткізуді ұлғайтуды ұсынды Фото: eadaily.com

Сианьда өтіп жатқан "Қытай — Орталық Азия" саммитінде сөйлеген сөзінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов ҚХР-ға табиғи газ жеткізумен байланысты жаңа жобаларды іске асыруды ұсынды. 

"Түрікмен энергетикалық ресурстарын халықаралық нарықтарға жеткізуді әртараптандыруға негізделген Түрікменстанның энергетикалық саясатын ескере отырып, тараптар мүдделі болған жағдайда, біз түрікмен табиғи газын Қытай бағытында жеткізумен байланысты жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыра аламыз", — деді түрікмен көшбасшысы.

Бердімұхамедов "Түрікменстан-Қытай" газ құбырының маңыздылығын атап өтті, соның арқасында Қытай қазіргі уақытта өз индустриясын дамытып, қытайлықтардың табиғи газға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Ол газ құбыры өңірдің транзиттік елдеріне энергия тасымалдаушыларын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Түрікменстан-Қытай" газ құбыры 2009 жылдың соңында пайдалануға берілді, бүгінгі күні ол арқылы 350 млрд текше метрден астам табиғи газ жеткізілді. Жеткізудің негізгі көлемі "Түрікменстан — Өзбекстан — Қазақстан — Қытай" трансұлттық газ құбырының үш желісі бойынша жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу