Түркіменстан Президенті тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасады

437

Сердар Бердімұхамедов құқық қорғау органдарының басшыларына қажетті жұмыстарды жүргізуге нұсқау берді.

Түркіменстан Президенті тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасады Фото: Anadolu Agency

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай 1180 сотталушыға рақымшылық жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz түрікмендік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Түркіменстан басшысы тиісті Жарлыққа мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің қатысуымен Министрлер Кабинетінің кеңейтілген отырысында қол қойды.

Бердімұхаммедов құқық қорғау органдарының басшыларына рақымшылық жасалғандарды түрмеден босатып, жақын арада өз отбасыларының қатарында болуы үшін қажетті жұмыс жүргізуді тапсырды.

Велаяттар, этраптар мен қалалардың хякимдеріне кешірім жасағандарды жұмысқа орналастыру үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Түркіменстанда Тәуелсіздік күні 27 қыркүйекте атап өтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу