Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары теракт жасамақ болған

688

Бұл туралы Германия ІІМ мәлімдеді.

Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары теракт жасамақ болған Фото: euronews.com

Германияның ішкі істер министрлігі лаңкестік әрекетті дайындап жатқан қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді. Олар Орталық Азия елдерінің тумалары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Германия мен Нидерландыда Орталық Азия елдерінен келген тоғыз иммигрант терроризмге қатысы бар деген айыппен ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар Германияда шабуылдар дайындап, "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобының қызметіне ақша жинап жүрген. Бұл мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Ауғанстанда және көршілес елдерде орналасқан исламшылармен байланыста болған.

Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрі Герберт Роулдың айтуынша, 20 мен 46 жас аралығындағы Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары ұсталды. Тергеушілердің мәліметіне қарағанда, олар қазірдің өзінде кураторлардан шабуыл жасау туралы нұсқау алып, дайындықты бастап кеткен, бірақ нақты мәліметтер әлі пысықталған жоқ. Прокуратура қолда бар деректер топ мүшелері деп болжанған адамдарды ұстауға жеткілікті деп санады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу