Түркіменстан жабық кешендегі Азия ойындарын өткізеді

1490

Түркіменстан жабық кешендегі Азия ойындарын өткізеді

Қыркүйек айының екінші жартысында Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласы жабық кешендегі Азия ойындарын өткізеді, деп хабарлайды kazathletics.kz.

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, осы доданы өткізу үшін Түркіменстан мемлекеті бірнеше спорт кешендерін тұрғызған. Соның ішінде заманауи, көз тартатыны жеңіл атлетика сайыстарына арналған арена. Қолдануға 2016 жылы берілген. Бұл кешен 5 мың көрерменге арналған.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) барлық талаптарына сай жасалған.  Манеждегі спорттық жабықтармен Италияның Mondo компаниясы қамтамасыз еткен.

Ашхабадтағы V жабық кешендегі Азия ойындарына жеңіл атлетиканың 13 түрі енгізілген. Спортшылар 26 медаль жиынтығын сарапқа салады. Сайыстар үш күнге созылады (18-20 қыркүйек).

Жеңілатлеттердің дайындалуына да барлық жағдай жасалған. Олар медициналық және массаж жасайтын бөлмеге, бассейн мен саунаға еркін кіре алады. Манежде 176 адамға арналған 4 асхана, 3 кафетерий орналасқан.

Қазақстаннан 15 жеңіл атлет қатысады. Олардың арасында Ольга Рыпакова, Виктория Зябкина, Иван Иванова, Ольга Сафронова, Мария Овчинникова халықаралық ареналарда көзге түсіп жүргендері де бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу