Түркіменстанда Орталық Азия мен Қытай жастарының форумы өтуде

421

Форумға қатысушылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Ұлы Жібек жолындағы ең көне оазис қалаларының бірі "Ежелгі Мерв" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына барады.  

Түркіменстанда Орталық Азия мен Қытай жастарының форумы өтуде Фото: turkmenistan.gov.tm

Түркіменстанның Мары қаласында Орталық Азия мен Қытай жастарының "Ұлы Жібек жолының жаңа дәуірі" деп аталатын форумы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үш күндік форумға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен келген экономика саласында жұмыс істейтін мамандар, студенттер, еріктілер, белсенділер және білім, ғылым, мәдениет, өнер салаларының мамандары, парламенттік жүйе өкілдері қатысуда.


Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов іс-шараның халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.


"Аталған форумның негізгі мақсаты-климаттың өзгеруі және қоршаған ортаның тұрақтылығы, білім, ғылым және инновация, мәдениет және өнер сияқты салалардағы жастардың ынтымақтастығын нығайту. Сондай-ақ форумда Ұлы Жібек жолын жандандырудағы жастардың рөлі талқыланады", - деді ол.

Форумға қатысушылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Ұлы Жібек жолындағы ең көне оазис қалаларының бірі "Ежелгі Мерв" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына барады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу