Түркіменстанда президент сайлауы науқаны басталды

1045

Халық оны жеті жылға сайлайды.

Түркіменстанда президент сайлауы науқаны басталды

Түркіменстанда президент сайлауы науқаны басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның бірінші кезеңі – үміткерлердің ұсынылуы. Бұл елдің сайлау кодексі бойынша үміткерлерді ұсыну құқығына сайлауға дейін тіркелген саяси партиялар, сондай-ақ азаматтар топтары ие.

Саяси партиялар съезд барысында саяси додаға түсетін адамды ұсынады. Түркіменстанда үш саяси партия бар: Түрікменстанның демократиялық партиясы, Түрікменстанның аграрлық партиясы және Түрікменстанның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясы.

Азаматтар тобы ұсынған үміткерлер сайлаушылардың кемінде 10 мың қолын жинауы тиіс.

Түркіменстан президенті сайлауына жасы қырықтан асқан,Түркіменстанда дүниеге келген азаматтар түсе алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік тілді меңгеруі, соңғы 15 жылда елде тұрақты түрде тұруы тиіс. Президентті халық жеті жылға сайлайды және ол ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Соңғы мәрте елдегі сайлау 2017 жылы өткен еді. Ол кезде 8 үміткер тіркелген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу