Түркіменстанда президент сайлауына 9 үміткер тіркелді

665

Түркіменстанда президент сайлауына 9 үміткер тіркелді

Түркіменстанның орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерді тіркеуді аяқтады. 12 ақпанда өтетін президент сайлауына 9 кандидат ресми тіркелді, деп хабарлайды baq.kz.

centralasian.org-тың хабарлауынша, Түркіменстанда өтетін президент сайлауына бірінші рет үш саяси партия – Демократиялық, Өндірісшілер мен кәсіпкерлер және Аграрлық партия өкілдері қатыспақшы. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, тіркелген үміткерлерге ұлттық және халықаралық заңдарға сәйкес барлық мүмкіндіuін тең пайдалануға жағдай жасалған.

2016 жылдың желтоқсан айында президентікке өзін үшінші рет ұсынып отырған Бердымухамедов өзге үміткерлердің пайдасына эфирге шығудан бас тартқан.

Жергілікті бақылаушылар халықтың президент сайлауына деген қызығушылығы төмен дейді. 2016 жылдың қыркүйегінде қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, ел президенті жеті жылға сайланады. Осы уақытқа дейін Түркіменстандағы сайлаулар халықаралық ұйым алдында таза әрі әділ өтті деп мойындалған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу