12 наурыз, сенбі күні таңертең Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды, деп inbusiness.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00-ден 20:00-ге дейін) жалғасады.
Түркіменстан президенттігіне үш партия атынан тоғыз үміткер қатысуда. Елдің заңнамасына сәйкес, сайлау кезінде сайлаушылардың қатысуы үшін белгіленген шек жоқ. Бұл сайлаушылардың кез келген белсенділігімен сайлау өтті деп танылатынын білдіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу