Түрікменстанда тұңғыш президенттің есімі берілген қалалар атауы өзгертілді

1978

Мұндай шешім Гурбангулы Бердімұхамедовтың төрағалығымен өткен Халық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Түрікменстанда тұңғыш президенттің есімі берілген қалалар атауы өзгертілді Фото: www.aa.com.tr/

Түркіменстанда тұңғыш Президент Сапармұрат Ниязов (Түрікменбашы) пен оның анасы Гурбансолтан эженің есімдері берілген бірқатар ауылдар мен қалалардың атауы өзгертілді. Бұл туралы "Түрікменстанның алтын ғасыры" хабарлады.

Сонымен Дашогуз велаятында (облыста) Героглы ауданының Сапармұрат Ниязов атындағы ауылы Бедиркент, Галлачи кенттерінің Сапармұрат Ниязов атындағы ауылы Галлачи болып, ал Сапармұрат Ниязов атындағы аудан мен оның Ниязов қаласы – Шават қаласы деп аталатын болады.

Гурбансолтан эдже қаласына, Гурбансолтан эдже ауданына Андалып атауы беріліп, ауданның өзі жойылды. Сахра кентінің Гурбансолтан эдже атындағы ауылы Екетут деп аталады.

Түрікменстанның Балқан облысында орналасқан Сердар қаласы мен ауданы Қызыларват болып өзгертілді.

Түркіменстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі жөніндегі осы және басқа да шешімдер туралы оның төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов өткізген Түркіменстан Парламенті палаталарының бірі Халық Кеңесінің (Халк Мәслахаты) отырысында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу