Түркіменстанның ЖІӨ 2016 жылы 6,2%-ға өсті

979

Түркіменстанның ЖІӨ 2016 жылы 6,2%-ға өсті

Түркіменстанның ЖІӨ өсімі 2015  жылмен салыстырғанда 2016  жылы 6,2%-ды құрады, деп хабарлайды "Бейтарап Түркіменстан" газетіне сілтеме жасаған "Интерфакс".

Бұл өткен жұма күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болды.

Атап айтқанда ЖІӨ өнеркәсіп секторында - 1,2%, құрылыста - 4,4, көлік-коммуникация секторында - 10,5, саудада - 14,3, ауыл шаруашылығында - 11,6, қызмет көрсету секторында 10%-ға өсті.

Жалпы алғанда өнеркәсіп саласындағы өнім шығару көлемі былтыр 59,4 млрд манатқа жетсе, оның 53%-ы мемлекеттік секторға жатпайтын кәсіпорындарға тиесілі. 2015 жылмен салыстырып қарағанда өнім өндіру 3,3%-ға артты.

2016  жылы бөлшек сауданың көлемі 16,9% болды.

Елдегі ірі және орта кәсіпорындардағы еңбекақының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 9,2%-ға өсті.

16 қаңтардағы ресми бағам бойынша 1 доллар 3,5 манатты құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу