Алдын ала белгілі болғандай, соңғы рет 25 наурызда ұшырылады, деп мәлім етті Астрахань әуежайының өкілдері. Бұл туралы ТАСС жазып отыр.
"Turkish Airlines әуе компаниясының рейстеріне билет тек 25 наурызға дейін саудада бар. 25 наурыздан соң, алдын ала түскен ақпарат бойынша, Астраханьнан Түркияға тікелей сапарлар болмайды", – деп түсіндірді әуежай қызметкерлері.
Түрік әуе компаниясының Астраханьдағы өкілі ұшуларды тоқтатуға қатысты түсінік беруден бас тартты.
Turkish Airlines аталған аймақта рейстердің санын төртеуден екеуге қысқартқаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.
Әуежайдың мәліметі бойынша, былтыр халықаралық бағыттарда жолаушылар легі 55,888 мың адамға қызмет көрсетілген 2015 жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмендеп кеткен.