TURKISH OPEN G1: Таэквондодан Жансель Дениз күміс жүлде алды

253

48 елден 541 спортшы қатысып жатқан жарыстың шешуші күнінде ерлер 8 салмақта жеңімпазды анықтайды.

TURKISH OPEN G1: Таэквондодан Жансель Дениз күміс жүлде алды Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Таэквондодан 13-14 ақпан аралығында Анталияда (Түркия) өткен халықаралық турнирде 73 келідегі Жансель Дениз 2-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Финалдық бәсекеде отандасымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, осы салмақтағы басты фаворит саналған Альтея Лореннен есе жіберді.

Жерлесіміздің жарыс жолындағы қарсыластары:

1/8 финал. Нур Назар Мохаммед 2:0
1/4 финал. Ивета Жиранкова 2:1
1/2 финал. Суде Ярен Узунчавдар (Еуропа ойындарының чемпионы) 2:0
Финал. Альтея Лорен 1:2

48 елден 541 спортшы қатысып жатқан жарыстың шешуші күнінде ерлер 8 салмақта жеңімпазды анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу