"TURKISTAN" АЭА-да 408 млрд теңгенің жобалары жүзеге асырылады

645

Бүгінге дейін оның 115 млрд теңгесі игерілді. 

"TURKISTAN" АЭА-да 408 млрд теңгенің жобалары жүзеге асырылады

Түркістан облысының орталығында құрылған "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағында"​ 20 компания жалпы құны 408 млрд теңге болатын 23 жоба іске асыратын болады, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бүгінге дейін оның 115 млрд теңгесі игерілді. Нәтижесінде құрылыс кезеңінде жұмыспен қамтылғандар саны 5900-дан асады.

Олардың қатарында әуежай, неке сарайы, көпбейінді аурухана, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақүй, тұрғын үй, спорт кешендері және көпфункционалды туристік кешені мен бизнес орталықтары бар.
Бұдан бөлек, өңірде тоқтап тұрған өнеркәсіптік алаңдардың әлеуетін іске қосу үшін арнайы экономикалық аймағының өнеркәсіптік аймағының аумағына Кентау қаласындағы бұрынғы Экскаватор зауытының 35 гектары да қосылды. Мұнда "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы "Brownfield" дайын ғимараттар базасында аумақты бірлесіп игеру бойынша зауыт құрылтайшыларымен бірлескен жобаны іске асырды. Қазіргі таңда, құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 2 жоба қол қою сатысында, және 15 млрд. теңге болатын 6 жобамен келіссөздер жүргізілуде.​

Айта кетейік, "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы" Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен 2018 жылы құрылған болатын. Ондағы мақсат – Түркістан қаласын жедел дамыту, Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру және жалпы Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптастыру.

"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы 4 субаймақтан тұрады. Жалпы ауданы 3014 гектарды құраса, оның 297-сі тарихи-мәдени орталық, 1350-і әкімшілік-іскерлік орталық, 400-і өндірістік, 967-сі әуежай аймағына жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу