"Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына қаржылай көмек түсе бастады

1117

Аталған қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай   кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асыруда.  

"Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына қаржылай көмек түсе бастады

Бүгінде "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинау ісін  жүзеге асыруда, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникация қызметі.

Ол үшін арнайы есеп-шот ашылып, барлық  БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға  117 млн. теңгеден астам қаражат түскен.  Бұл  қаржылар Мақтаарал ауданындағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын өтеу бағытындағы жұмыстарға бағытталады.

Айта кетейік, қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай   кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асыруда. Сол кезде қор арқылы қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына және Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына бағытталған қыруар қаражат жиналған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу