Түркістан – Алматы рейсіне 30 жолаушы кешігіп қалды

739

Әуе компаниясының өкілдері түсініктеме берді.

Түркістан – Алматы рейсіне 30 жолаушы кешігіп қалды

Түркістан-Алматы рейсі 30 жолаушыны тастап кетті. Әуе компаниясының өкілдері қалыптасқан жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұшақ жолаушылары әлеуметтік желіде әуе компаниясының қызметіне  шағымданды.

FlyArystan баспасөз қызметі 12 сәуірде Түркістан-Алматы бағытымен ұшып шыққан KC7162 рейсінің 30-ға жуық жолаушысы кешігіп, рейске үлгермей қалғанын айтты.

"Бұл рейстің ұшуы сағат 12:40-қа жоспарланған. Тасымалдау ережелеріне сәйкес, осы рейске тіркелу ұшуға 40 минут қалғанда, яғни сағат 12:00-де жабылған, ол тіркеу жүйесінде, сондай-ақ Түркістан халықаралық әуежайының бейнебақылау камераларында жазылды.

146 жолаушысы бар ұшақ кесте бойынша ұшып кетті. Ал рейске кешігіп келген жолаушыларға әуе компаниясының қызметкерлері барлық ережелерді түсіндірді. Сонымен қатар, клиенттерді қолдау қызметіне шағым түсіруге құқылы екендерін айтты.

"Алайда жолаушылар FlyArystan қызметкерлерін тыңдаудан бас тартып, ашуға бой алдырып, әуе компаниясының мүлкіне қасақана зиян келтірді", - деп хабарлады компаниядан.

FlyArystan әрдайым жолаушыларға тасымалдау ережелерімен танысып, әуежайға уақытында келулерін сұрайды. Әйтпесе рейстен кешігіп қалу қаупі бар, қайта брондау / ақшаны қайтару мүмкіндігі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу