"Түркістан" анимациялық фильмі көрерменге жол тартты

806

Туынды "JAS TÚRKISTAN — 2019" республикалық балалар шығармашылығы марафоны аясында көрсетілді.

"Түркістан" анимациялық фильмі көрерменге жол тартты

Түркістан қаласында "Түркістан" анимациялық фильмі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен түсірілген фильмнің форматы 2 D, ұзақтығы 25 минут. Балаларға базарлық ретінде ұсынылған туындының режиссері және бас суретшісі – Азамат Ерназаров, сценарий авторы – Бақытжан Құлжабаев болса, әуенмен әрлеген – Әйтеке Көптілеу.

Аталған фильм желісіне Жалғас есімді жас баланың ерлігі арқау болады. Оқиға барысында Жалғас Отанына, еліне деген парызын сезіне отырып, жаудың теріс пиғылына  қарсы тұрады. Бала батыр осылай Түркістанда өтетін Қазақ құрылтайындағы қастандықтың алдын алып, Тәуке ханның өмірін аман алып қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу