Түркістан әуежайында цифрлық жеке куәлікті қолдануға болады

721

Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында іске қосылған болатын.  

Түркістан әуежайында цифрлық жеке куәлікті қолдануға болады

Түркістан қаласының әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін "e-Gov Mobile" қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті қолдану мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін "eGov mobile" жүйесінде авторланған азамат "Цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен өзінің жеке куәлігін таңдауға тиіс. Әуежайдағы тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфон экранынан сервистегі QR-кодты көрсету керек.

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық тәртіпте іске қосылды және бұл мүмкіндік әзірше Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Түркістан қалаларының арасындағы рейстерде ғана қолжетімді.

Пилоттық жоба болғандықтан, бұл сервисті қолдануды жоспарлаған жолаушылар өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алғаны жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу