Түркістан әуежайында Германия азаматы ұсталды

215

Шетел азаматы қос елдің құжатымен жүрген.

Түркістан әуежайында Германия азаматы ұсталды Фото: "Түркістан" газеті

Полицейлер Түркістан - Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзған 71 жастағы Германия азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тексеру барысында ұсталған әйелден Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының қос азаматтығы анықталды. Көлік полицейлері оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады", –делінген полиция хабарламасында.

Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты оны кінәлі деп танып, 140 АЕК (516 880 теңге) айыппұл салды.

Айта кетейік, көліктегі ПД "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Осы ЖПІШ барысында ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 143 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 19 шетелдік елден шығарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу