Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамаға жіберілді

483

​Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, діни сипаттағы әдебиеттерді заңсыз пайдалану дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамаға жіберілді Фото: inbusiness.kz

Тәртіп сақшылары қала базарларының бірін тексеру барысында діни мазмұндағы үш кітапты тәркіледі. Дүкеннен алынған әдебиеттер сараптамаға жіберілді.

"Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша тіркеліп, тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу