Түркістан-Эль-Кувейт бағытындағы алғашқы ұшақ сапарға аттанды

691

"Әзірет Сұлтан" әуежайынан "Түркістан-Эль-Кувейт" бағытында алғашқы жолаушылар сапарға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркістан-Эль-Кувейт бағытындағы алғашқы ұшақ сапарға аттанды Фото: gov.kz

Кувейт елінің астанасы Эль-Кувейт пен түркі әлемінің рухани орталығы Түркістан қаласы арасындағы тұрақты жолаушылар рейсі "Jazeera Airways" әуекомпаниясымен тасымалданады.
Рейстер аптасына 2 рет сейсенбі және жексенбі күндері "Airbus-320" ұшағымен орындалады. Ұшу уақыты - 4-4,5 сағат. Билет құны 150 000 теңгеден басталады. Бұдан былай қажылыққа аттанатын отандастарымыз Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайынан ұша алады.
Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу