Түркістан халықаралық әуежайы биыл пайдалануға беріледі

2217

Әуежай 900 гектар аумақты қамтитын болады. 

Түркістан халықаралық әуежайы биыл пайдалануға беріледі

Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтық жерде халықаралық әуежайдың құрылысы жүруде. Түрік компаниясы салып жатқан әуежай 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайының құрылыс алаңында 302 құрылысшы мен 102 арнайы техника  жұмыс істеуде. Бүгінгі күні әуежай терминалының іргетасы аяқталып, ұшу-қону жолағына қажетті құмды-шағал тасты қоспаның бірінші қабаты төселуде.

Әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтитын болады. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланған.

"YDA Group" компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейннің айтуынша, Түркістан халықаралық әуежайы халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынуда. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. 

Айта кетерлігі, Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан халықаралық әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу