Түркістан халықаралық әуежайына жаңа директор тағайындалды

183

Түркістан Халықаралық әуежайын Сәкен Ержанұлы Мамырбеков басқаратын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан халықаралық әуежайына жаңа директор тағайындалды Фото: Түркістан халықаралық әуежайы

Жаңа директор бұған дейін "Шымкент әуежайы" акционерлік қоғамында экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту, стратегиялық жоспарлау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған.

Бүгінде Сәкен Мамырбеков жаңа лауазымына ресми түрде кірісті. Алдағы уақытта ол Түркістан әуежайының жұмыс тиімділігін арттыру, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және заманауи талаптарға сай инфрақұрылымды дамыту секілді басым бағыттарға баса мән бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу