Атап айтқанда:
1) "Түркістан – Ыстанбұл" аптасына 4 рет (дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
2) "Түркістан – Бішкек" аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3) "Түркістан – Ташкент" аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
4) "Түркістан – Нұр-Сұлтан" күнделікті;
5) "Түркістан – Алматы" аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);
6) "Түркістан – Қостанай" аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
7) "Түркістан – Семей" аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма); 8) "Түркістан – Атырау" аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
9) "Түркістан – Қарағанды" аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
10) "Түркістан – Көкшетау" аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
11) "Түркістан – Ақтөбе" аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі); 12) "Түркістан – Ақтау" аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
13) "Түркістан – Павлодар" аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі); 14) "Түркістан – Орал" аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
"Түркістан-Ыстанбұл" бағытына "Fly Arystan" және Түркияның "Turkish Airlines" әуе компаниялары, ал "Түркістан-Бішкек", "Түркістан-Ташкент", "Түркістан-Нұр-Сұлтан", "Түркістан-Алматы" бағыттарына "Fly Arystan" әуе компаниясы және қалған бағыттарға "SCAT" әуе компаниясы қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар жуырда "Qazaq Air" әуе компаниясының "Түркістан-Талдықорған" бағытындағы әуе рейсі қатынауы жоспарланған. Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан (тел: +7 725 33 5 29 09), аталған әуекомпаниялардың ресми сайтынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz, probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.