"Turkistan Invest" Басқарма төрағасының орынбасары сотталды

549

Түркістан қалалық сотының үкімімен орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтеумен "Turkistan Invest" Инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары А.Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлады "Антикордан".

"Turkistan Invest" Басқарма төрағасының орынбасары сотталды

"Ол "Композит Групп Казахстан" ЖШС басшылары С.Конусов пен А.Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танығаны үшін пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды", – деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу