Түркістан қаласы әуежайын салуға әлеуетті инвесторлар іздестіріліп жатыр

701

Бұл туралы ИИДМ басшысы Роман Скляр үкімет отырысында айтты.

Түркістан қаласы әуежайын салуға әлеуетті инвесторлар іздестіріліп жатыр

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі шеңберінде жалпы 32 жоба іске асырылу және пысықталу сатысында, 10 жоба – республикалық, 22 жоба өңірлік деңгейде пысықталуда. Бұл туралы министр Роман Скляр үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Оның ішінде автожол саласында ­– 4 жоба,темір жол көлігі саласында – 2 жоба, азаматтық авиация саласында – 2 жоба, ТКШ және энергия үнемдеу саласында 22 жоба бар.

Министрдің айтуынша, "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮААЖ) салу және пайдалану" жобасы бойынша қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ал 2021 жылы жол ашылады. Күтілетін жол трафигі – тәулігіне 38 мың автомобиль.

2020-2022 жылдар аралығында ұзындығы 73,2 км "Алматы станциясын айналып өтетін темір жол желісін салу" жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Түркістан қаласы әуежайының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу