Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев таныстырды.
Жасұлан Қаржаубайұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылы криминалдық полиция саласынан бастап, Түркістан облысы Полиция департаментінде Криминалдық полиция басқармасында және Ордабасы ауданында басшылық қызметте болған.
Еңбек жолында қылмыстардың азаюы мен жедел ашылуына өзіндік үлес қоса білген және мінсіз қызметі үшін ҚР ІІМ, Полиция департаменті тарапынан медальдар, грамоталар, "Алғыс хаттармен" марапатталған.