Түркістан қаласына келген туристер саны былтырғыдан 5,6 есеге көп

1004

Алдағы 5 жылда облысқа келетін туристер санын 2,5 млн адамға жеткізу межесі қойылып отыр.

Түркістан қаласына келген туристер саны былтырғыдан 5,6 есеге көп

Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып, 3 бағытта дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік инвестициялық жобаның жүзеге асады. Нәтижесінде 1 050 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, Түркістан қаласындағы туристік нысандар бойынша ақпараттар әлемдегі ең ірі "http://xn--ripadviser-mwi.com/" саяхатшылар порталына енгізілген. Облыстың туристік нысандарымен танысудың кәсібилік сапасын арттыру және өңірге келетін қонақтар, туристермен жұмыс жүргізетін гид-экскурсоводтардың білікті кадрлар санын ұлғайту үшін 50 гид-экскурсовод мамандары даярланды.

"Түркістан қаласына келуші туристер саны артып келеді. Жыл басынан 1,1 млн адам келіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6 есе артты. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру бағытында "Түркістан-Шымкент-Ташкент" жоғары жылдамдықты теміржол магистралі салынады. Бұдан бөлек Түркістан қаласы аумағында жағажай демалыс орындарын ұйымдастыру мақсатында жасанды көл, ескек есу каналы, туристік-рекреациялық аумақ салынып жатыр. Келер жылы аяқтау жоспарлануда. Тау-шаңғы туризмін дамыту мақсатында Төлеби ауданында "Қасқасу туристік-рекреациялық орталығы" салынады. Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Аталған жобаларды іске асыру облысымыздың туристік әлеуетін арттырып, қосымша жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді", – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Әкімнің сөзіне сенсек, алдағы 5 жылда облысқа келетін туристер саны 2,5 млн адамға жетеді. Ал туризм саласында кәсіби мамандарды даярлау, сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Түркістан қаласында ашылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 2 мыңға жуық жас білім алуда.

Айта кетсек, облыс аумағында 1 663 тарих және мәдениет ескерткіштер орналасқан (1 халықаралық маңызы бар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 31 республикалық, 421 жергілікті маңызы бар, 1 210 алдын ала тізімдегі нысандар).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу