Түркістан қаласына миллионыншы туристі келді

1536

Аймақ басшысы облыс орталығына келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады.

Түркістан қаласына миллионыншы туристі келді

Түркістан қаласына 1 миллионыншы турист келді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды.

Елімізге алғаш келіп отырған Уильям Брэнч Америка азаматтары Орта Азия елдері ішінде Түркістанға жиі келетіндерін жеткізді.

"Түркістан – Орта Азия мемлекеттері ішіндегі тарихқа бай, киелі мекендердің бірі. Біздің елдің азаматтары осы қасиетті қалаға жиі келеді. Біз Түркістан қаласы мен Ясауидің тарихымен хабардармыз. Қазақстанға, Түркістан өңіріне келгелі қазақ халқының қонақжайлығы мен дарқандығына куә болдық. АҚШ-қа барғаннан кейін ондағы отандастарымызға осы құндылықтарыңызды жеткізіп, келесі жылы арнайы тағы ат басын бұрамыз", — деді Уильям Брэнч.

Аймақ басшысы облыс орталығына келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады. Сондай-ақ, Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін артқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

"Сіздерді қасиетті қаламыздың миллионыншы турисі болғандырыңызбен құттықтаймын. Бұл біздер үшін қуаныш. Мәселен, дәл бүгін Түркістан қаласына келушілер саны 1 млн адамға жетіп, өткен жылдың дәл осы кезімен салыстырғанда 57,2 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, өңірде туризмді дамыту үшін жүйелі бағдарламалар даярладық. Алдағы уақытта келушілер саны тағы арта түседі деп жоспарлап отырмыз", — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу