Түркістан қаласында "іскерлік орталықтың" капсуласы салынды

985

Түркістан қаласында "іскерлік орталықтың" капсуласы салынды

Бүгін Түркістан облысының орталығы - Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында "іскерлік орталықтың" алғашқы құрылыс жұмыстары басталды. Тұтынудың жаңа технологиялары қолданылатын заманауи нысанның капсуласын салған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осынау тарихи сәттің маңыздылығына тоқталып, болашақ орталықтың жоспарымен бөлісті.

"Ауданы 50 мың шаршы метрді қамтитын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Мұнда заманауи тиімді кеңселер, су мен энергияны тиімді пайдалану жүйесі қарастырылған. Яғни, іскерлік орталық автоматтандырылған "ақылды ғимарат" қағидасымен жобаланған", - деді облыс басшысы.

Нысанның құрылысын "BI group" ЖШС өз қаражаты есебінен жүргізуді ұсынып отыр. Алғашқы іргетасы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қаланатын орталықтың жоспар бойынша аяқталуы 2020 жылдың наурыз айына тура келеді деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу