Түркістан қаласында 150-ден астам көше жөнделеді

139

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының ішкі көшелерін жөндеу жобаларымен танысты.

Түркістан қаласында 150-ден астам көше жөнделеді Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Өңір басшысы шаһарды аралап, жөндеу жұмыстары жүретін көшелерді көрді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімі Бейімбет Майлин көшесіне келіп, "Б.Майлин көшесін реконструкциялау" жобасын көрді. Бүгінде аталған құрылыстың жобалық-сметалық құжаты дайын. Биыл жүзеге асады деген жоспар бар.

Тапсырыс беруші – Түркістан қаласы әкімдігінің "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Жолдың ұзындығы – 1,96 шақырым. Жоба құны – 1 705,8 млн теңге.

Нұралхан Көшеров Ә.Жангелдин көшесіне барып, осында салынуы жоспарланған көпірдің жобасын көрді.

Көпірдің ұзындығы 1,02 шақырым болса, жолдың ені – 14 метр болады деп жоспарланған. Құрылыс құны – 4 453,9 млн теңге. Облыс әкімі аталған жобаны қайта пысықтап, жүйелеуді тапсырды.

Облыс әкіміне жобалық-сметалық құжаты жасалған әрі қаржыны талап ететін жол құрылысы нысандарының жобалары ұсынылды.

Олар жан-жақты сараланып, қаржыландыруға ұсынылмақ. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды, әрбір мердігердің жұмысын қадағалауды тапсырды.

Сонымен бірге, қаланың дамуына оң серпін беретін жобаларға басымдық беру керектігін айтты.

Айта кетейік, Түркістан қаласы аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2024 жылы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдың ұзындығы 430,1 шақырымға (50,9%) жетті. 2025 жылы жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның 95,4 шақырымды құрайтын 94 көшесінде ведомствалық сараптаманың оң нәтижесі алынып, 30 көшесінде жөндеу жұмыстар бастау алған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 43,1 шақырымды құрайтын 65 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттама әзірленіп, ведомствалық сараптамадан өткізілуде.

Жалпы жоғарыда аталған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, 845 шақырым жолдың 568,6 шақырымы асфальт жабындысымен қамтылып, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 67,3% жеткізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу