Түркістан қаласында 630 орындық аурухана салынып жатыр

662

Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. 

Түркістан қаласында 630 орындық аурухана салынып жатыр

Түркістан қаласында 630 орынға лайықталған көпсалалы облыстық аурухананың қабырғасы қалануда. Медициналық орталықтың жалпы көлемі 156 мың шаршы метрден асады. Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Заманауи аурухана толықтай іске қосылса, 1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀

Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс істейді. Сонымен қатар ғимаратта жүрек-қан тамырлары реанимациясы, Коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады.

Одан өзге, жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері, 34 жалпы дәрігерлік амбулатория тұрғындар үшін қызмет көрсететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу