Түркістан қаласында 7 мың орындық стадион мен әмбебап кітапхананың құрылысы басталады

2310

Бүгінде Астана әкімдігінің тапсырысы бойынша "Астана" алаңы, Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен медиаорталық және "Самұрық қазына" АҚ тапсырысымен конгресс-центр және оқушылар сарайы ғимаратының құрылысы жүріп жатыр.

Түркістан қаласында 7 мың орындық стадион мен әмбебап кітапхананың құрылысы басталады

Түркістан қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығының құрылыс жұмыстары басталды. Жаңадан бой көтеретін нысандардың жобасымен танысып шыққан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жауаптыларға құрылысты қарқындатуды тапсырды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік, басқармалар және департаменттер ғимараттарының құрылысын "BI Group" ЖШС жүргізуде. Бүгінде қазаншұңқыр қазылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігінің тапсырысы бойынша "Астана" алаңы, Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен медиаорталық және "Самұрық қазына" АҚ тапсырысымен конгресс-центр және оқушылар сарайы ғимараттарының да құрылысы басталды.

Одан бөлек, алдағы уақытта "ҰӘҚ Самұрық қазына" АҚ тапсырысымен 7 мың орындық стадион мен Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастау көзделуде.

Сондай-ақ, Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында "ҰӘҚ Самұрық қазынаның" тапсырысымен Қожа Ахмет Яссауи мұражайы нысанының құрылысы басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу