Түркістан қаласында мемлекет мұқтаждығы үшін бұзылатын аумақта орналасқан 85 нысанның иесі өз келісімін берді, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгінгі таңда 12 үй сүріліп, орны тегістеліп жатыр. Ал 40 нысанның иесі ұсынылған өтемақыға келісімін бермесе, қалған 35 үйдің иесімен келіссөз жүргізілуде.
Қала әкімдігі баспанасын бұзуға келіскен тұрғындарға көмек ретінде шаһардағы сатылатын 300-ге жуық үйдің тізімін жасаған. Тұрғындар тиісті өтемақысын алғаннан кейін таңдаған баспанасын сатып алуына болады. Бүгінге дейін 5 отбасы тиесілі қаржысын алып үлгірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу