Түркістан қаласында Арбат демалыс орны ашылды

1819

"Аталмыш демалыс орны орналасқан көше бойында барлық талаптарға сай сауда орындарын ашамын деушілерден сұраныстар да қабылдаймыз",– деді өңір әкімі.

 Түркістан қаласында Арбат демалыс орны ашылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қала орталығында Арбат демалыс орны ашылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаның құны – 99293,0 мың теңге. Жалпы аумағы – 0,15 га, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жері тегістеліп, бетон қабаты құйылды және 2600 м2 гранит тас төселді. Сонымен қатар 145х10 метр металлоконструкциялық ферма (аспалы метал құрастырылым) қойылып, түрлі - түсті шамдармен жарықтандырылған.

"Күні бүгінге дейін, шаһарға байланысты қаншама мемлекеттік деңгейдегі маңызды шаралар қаралып, Президентіміздің тікелей қамқорлығымен көз тоярлық игі істер атқарылып келеді. Қаншама түрік тілдес ұлт өкілдерінің де бір үйдің адамдарындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығы баршамызды қуантады",– деді жиналған қауым алдында сөз алған облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, алдағы уақытта осы сияқты жиырма шақты гүлзарлар мен спрот алаңдары ашылады.

"Аталмыш демалыс орны орналасқан көше бойында барлық талаптарға сай сауда орындарын ашамын деушілерден сұраныстар да қабылдаймыз",– деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу