Түркістан қаласында бірқатар көшелер жабылады

368

Жол қозғалысын реттеу үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. 

Түркістан қаласында бірқатар көшелер жабылады Фото: Түркістан қаласының әкімдігі

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне орай 15 мамыр күні Түркістан қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Уақытша шектеулер кезең-кезеңімен "Алтын шаршы" аумағында, Б.Батырбеков, Т.Бокин, С.Қожанов және Байбұрт көшелерінде, сондай-ақ "Керуен сарай" туристік аймағы, Б.Саттарханов даңғылы, № 11, № 32 және № 9 көшелер, Шымкент тас жолы, Есім хан даңғылы мен Әуежай тас жолында енгізіледі", — делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Осыған байланысты қала басшылығы тұрғындар мен қонақтарды уақытша енгізілетін шектеулерді ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды

Бұдан бұрын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музей-қорыққа қарасты барлық музейлер 14-15 мамыр күндері келушілер үшін жабық болатыны хабарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу