Түркістан қаласында биыл 5 канал салынады

2053

Шаһарды суландыру жүйесі барынша күшейтіледі.

Түркістан қаласында биыл 5 канал салынады

Биыл Түркістан қаласының ішінде 5 канал жүргізіліп, суландыру жүйесі барынша күшейтіледі. Өңір әкімі қала әкімі Әліпбек Өсербайұлына осы жұмысты орындауды тапсырды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Қарашық өзенінен бастау алатын Қотырбұлақ каналынан арықтар тартылса, Кентау тас жолы бойында егілген ағаштар мен Парасат паркі сумен қамтылады. Қала ішіндегі ирригациялық арықшалар бойынша суландыруда қала бойынша 17 көшеде жалпы ұзындығы 70,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықшалар бар. Бұл арықшалар 2016-2018 жылдары толық қайта қалпына келтірілді", – деді Әліпбек Өсербайұлы аппараттық жиында.

Түркістан қаласы әкімінің баяндамасын тыңдаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев биыл Түркістан қаласының ішінде 5 канал жүргізіп, суландыру жүйесін барынша күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, шаһарда ұңғыма санын көбейтіп, гүл мен шалғынға қажетті су мөлшерін барынша молайту қажеттігін нықтап айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу