Оқушылар мен студенттер Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне байланысты қашықтан оқуға жіберілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басқарманың мәліметінше, мұндай шешім білім алушылардың қауіпсіздігі мен қалада қозғалысқа енгізілетін уақытша шектеуді ескеріп қабылданған.
"Қаладағы 8 колледж, 38 мемлекеттік мектеп пен 44 жекеменшік мектеп, "Жаңа қала", "Отырар", мөлтек ауданында орналасқан мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары 14-15 мамырда қашықтан оқыту форматына көшті", – делінген ресми ақпаратта.
Білім беру ұйымдарына оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес онлайн ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілген.
2026 жылдың 15 мамырында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді. Кездесуде "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.