Түркістан қаласында тігін фабрикасы салынады

1227

Тігін фабрикасында костюм, сырт киім мен спорт киімдері тігілетін болады. 

Түркістан қаласында тігін фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен келген делегациясымен кездесті. Басқосу барысында екі тарап Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта тігін фабрикасын салу мәселесін көтерді. Нәтижесінде облыс орталығында жаңа кәсіпорын ашылып, 1200 адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Тігін фабрикасында костюм, сырт киім мен спорт киімдері тігілетін болады. Алғашқы инвестицияны Өзбекстан мемлекеті салып, мамандары өз тәжірибесімен бөлісетіндігін жеткізді.

Қонақтар іссапар барысында қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын күзде аяқтау керектігін айтты.

Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдері құрылыс алаңдарын аралап,  шаһардың ерекше көркіне қызығушылықтарын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу