Түркістан қаласында жаңа әуежай салынатын аумақ бекітілді

1822

Түркістан қаласында жаңа әуежай салынатын аумақ бекітілді

Түркістан қаласында жаңа әуежай салынатын аумақ бекітілді. Мың гектар жерге салынатын алып құрылыстың жобалық құжаттары да жасалып жатыр, деп хабарлайды informburo.31.kz.

Түркістан қаласының жаңа әуежайы қаладан 25 шақырым келетін Шаға ауылының маңына жайғаспақ. Облыс әкімі ҚазАэроНавигация мен қорғаныс министрілігінің келісімін алынғанын жеткізді. Қосымша 5 гектар жер Кентау тарапынан берілмек. Қазір геология жұмыстары, жобалау-сметалық құжаттамасы мен техникалық тапсырма жасалуда. Кешен сағатына 500 адамды қабылдап, жылына 1 миллион адамға қызмет көрсетеді.

Шағын қала үшін алып әуежайдың қажеттілігі жайында тұрғындар пікірі де әртүрлі. Дені құрылысты қолдайды.

Билік жобаның өте ірі құрылыс екенін атап өтті. Бірнеше министрлікке келісім алуға хат берген. Әуежайдың жартылай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салыну мүмкіндігін де айтты.

"Жоба құны 50 миллиард теңге шамасында. Жоба өте ауқымды. 10 миллиард теңге жергілікті бюджеттен тартылса, қырық миллионы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қаржыландыру көзделіп отыр", - дейді Түркістан қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Жандос Тасов.  

Мамандар жобалық-сметалық құжаттары мен басқада дайындық шараларын қосқанда нақты құрылыс келер жылдың ортасынан кейін ғана жүзеге асатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу