Түркістан қаласында жолақы көтерілмейді

1720

Жуырда 67 ескі "ГАЗел" жаңа көліктермен ауыстырылады. Қытайдан "Ytong" маркалы 5 автобус сатып алынып, қала тұрғындарына қызмет етпек.

Түркістан қаласында жолақы көтерілмейді

Түркістанда жолақысы 50 теңгеден көтерілмейді. Бұл туралы қаладағы жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен айналысып келе жатқан "Жолаушы" ЖШС компаниясының ресми өкілі Төрегелді Тәңірбергенов айтты, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Жалпы, "Жолаушы" ЖШС – Түркістан қаласындағы жолаушылар тасымалы бойынша жұмыс істеп келе жатқан бірден-бір компания. 2017-2018 жылдары автобустарымыз жол-көлік оқиғасына ұшырамаған. Қала тұрғындарын тасымалдауға шығатын жүргізушілер күнделікті дәрігерлік қадағалаудан, ал, қоғамдық көліктер ай сайын техникалық тексерістен өтіп тұрады. Қаладағы 21 бағытта жүретін 270 қоғамдық көлік кестеге сәйкес жұмыстарын жалғастырып келеді. Жуырда 67 ескі "ГАЗел" жаңа көліктермен ауыстырылады. Қытайдан "Ytong" маркалы 5 автобус сатып алынып, қала тұрғындарына қызмет етпек. Сонымен қатар, "WhatsApp" әлеуметтік желісіне "Түркістанда автобус құны 50 теңгеден 90 теңгеге көтеріледі" деген ақпарат толығымен жалған. Автобустар бұрынғы тариф бойынша жұмыс істей береді", – дейді ол.

Оның айтуынша, әзірше ұзын автобустар өз-өзін ақтамай тұр. Себебі, көшелер тарлау және бұрылу қиын. Дегенмен, қоғамдық көлік қозғалысын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек. Жаңа автобустар саны да көбейтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу