Түркістан қаласындағы қонақ үйде газ жарылды

1978

Түркістан қаласында орналасқан Royal Grand қонақүйінде өрт шықты.

Түркістан қаласындағы қонақ үйде газ жарылды

Абырой болғанда, өрт салдарынан адам шығыны орын алмаған. Тілсіз жаудың болуына газ  цистернасының жарылуы себеп болған, дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов.

Төтеншеліктердің айтуынша, өрт 3 тонналық газ цестернасын толтыру кезінде тұтанған. Өрттің көлемі 1400 шаршы метрді алыпты. Күйік шалған бірнеше адам жергілікті ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндірушілерге алғашқы мәлімет 18:05-да келіп түскен. Қонақүй ішінде мейманхана, асхана орналасқан екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу