Түркістан қаласының әкімдігіне жаңа құзыреттер берілуі мүмкін

226

Олар негізгі 3 бағытқа бөлінген. 

Түркістан қаласының әкімдігіне жаңа құзыреттер берілуі мүмкін Фото: www.ult.kz

Тиісті жаңашылдық "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасында қарастырылған. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Мәжілісте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң жобасымен Түркістан қаласы әкімдігіне 27 құзырет беру көзделген.

"Бірінші бағыт қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағдарланған. Осы міндеттерді іске асыру үшін Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру ұсынылады: жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің пайдаланылуына және оларды күтіп-ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүргізу; қаланың тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерттеуді, пайдалануды және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің ғылыми реставрация жұмыстары бойынша ғылыми-жобалау құжаттамасын келісу және т.б.", - деді вице-министр.

Екінші бағыт бойынша кесене айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдануға бағдарланған.

Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру ұсынылады:

  • қаланың дизайн кодын және қала құрылысы регламентін әзірлеу;
  • қала құрылысы кеңесін құру және оның ережесін бекіту бойынша және т.б.

"Үшінші бағыт туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағдарланған. Осылайша Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау, сондай-ақ жол бойындағы сервис бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу; туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету; туризм инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдау және т.б.", - деді Бауыржан Омарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу