Осы айтылып отырған жаңалықты орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай хабарлады.
"Автожол құрылысы "мемлекеттік-жеке меншік әріптестік" аясында жүзеге асырылады. Жол төрт жолақты болады, жалпы ұзындығы – 29,6 км", – деді Ержан Сәрсенбай.
Ол айналма жолдың тиімділігін мысалмен түсіндіруге тырысты.
"Мысалы, Нұр-сұлтан қаласындағы айналма жол экономика тұрғысында тиімді болды. Ол жобаны жүзеге асыру барысында орташа жылдамдық 60 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін ұлғайып, жаңа жұмыс орындарын пайда болды және жол апаты салыстырмалы түрде азайды", – деді Ержан Сәрсенбай.
Тасқын Болатұлы